Бернар Вербер: «Адамдар екіге бөлінеді. Кітап оқитындар мен кітап оқитындарды тыңдайтындар», деген екен. Әмірхан ақын осының алғашқы болды. Ол кітап әлемінде өмір сүретін. Сондықтан, оның әдебиет әлеміндегі орны да ерекше болды.
Ақынның анасы Тұрсын апа: «Ұлым жалған айту дегенді білмейтін еді. Айтқысы келген ойын да ашық айтатын, турашыл еді», деп еске алады.
Бүгін 18.35-те «Поэзия әлемі» хабарынан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ мәлімет ала аласыздар.
Баба ырымы
(Атам Балқыбектiң рухына арнаймын)
Тiлiм бертiнге дейiн, жасым төрт-беске келгенше шықпай жүрiптi. Секпiл бет немересiне пейiлi ынты-шынтысымен құлаған қасиетiңнен айналайын сары атам сонда ырымдап итаяқтан су iшкiзген көрiнедi. Балалық шақтың осы бiр әсерлi сәтi кейiн өлеңге айналған:
Жұтаңдаумын, демен бiрақ жарлымын,
Баба ырымы, әлегi емес жарғының.
Қызыл тiлдi сөзге иiлту үшiн де,
Итаяқтан суды да iшкен бар күнiм.
Итаяқтан суды да iшкем, сөкпегiн,
Айыптарға өзге күнәм көп менiң.
Ырзығымды табам қазiр еңбекпен,
Тiлдi бiрақ иемдендiм теп-тегiн.
Итаяқтан суды да iшкен бар шағым,
Кез емес-тi ол көңiл күптi, арса мұң.
Сен шаршадың сәндi қуып, мен байғұс,
Баба-ырымға баға таппай шаршадым.
Итаяқтан суды да iшкем, Бабаның
Ырымына мiнезi жат қаланың
Көшесiнде көп - көрiктi қызбен де,
Қызып кетсем ырылдасып қаламын.
Осы болды-ау замананың өлеңi,
Көп болған соң көр сезiмi, көбеңi.
Исi тiлге илiкпеген жандарға,
Итаяқпен тамақ бергiм келедi,
Құдай сақтасын.