«Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасына XV Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, ақын, режиссер Балтабек Нұрғалиев және ақын Қабиден Қуанышбайұлы «ТӘЖ» (Тәуелсіздік. Әдебиет. Жастар) атты қаламгерлер клубы туралы кеңінен айтып өтті.
«Қауымдастықтың атауы – «ТӘЖ». Яғни, нышандық мәнде арнайы осы атты алып отырмыз. Бұл клубты ашуға мұрындық болған Ұлттық кітапхана директоры – Үмітхан Дәренбекқызы. Ал, «ТӘЖ» клубының жетекшісі халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, ақын - Ерлан Жүніс», - дейді Балтабек Нұрғалиев.
«Жалпы, Ұлттық кітапхананың мақсаты – оқырмандармен ақындарды табыстыру болса, клубтың басты мақсаты кітапханаға келуші мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру, жастардың рухын көтеру, білімге, ақындыққа баулу», - дейді Қабиден Қуанышбайұлы.