«Астана» радиосы қайырымдылық шарасын өткізді (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» радиосы қайырымдылық шарасын өткізді (ФОТО)

12.09.2014
«Астана» радиосы қайырымдылық шарасын өткізді (ФОТО)

Бүгін «Отбасы күні» аясында Астанадағы «Алтын бесік» мамандандырылған балабақшасында қайырымдылық акциясы өтті. Шараны ұйымдастырған «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның  «Астана» радиосы.

Шараға «Астана» радиосының директоры Гүлмира Қаракөзова, директордың орынбасары Базаргүл Сейітжанқызы қатысып, бүлдіршіндерді Отбасы күнімен құттықтады.

«Бұл  акция арнайы «Отбасы күні» орай ұйымдастырылып отыр. Бұл біз өткерген алғашқы қайырымдылық шара емес, өткен жылы да радионың 15 жылдық мерейтойына орай, мүмкіндігі шектеулі  балаларға арнап «Ертегі тыңдап, әлемді таны» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырдық. Балаларға әсем көңіл-күй сыйлау – біздің парызымыз», деді радио директоры Гүлмира Қаракөзова.

Акция барысында «Республикалық оқушылар сарайының» жас өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Айта кету керек, мүгедек жандарға және аз қамтылған отбасылардың балаларына қол ұшын беріп, қайырымдылық таныту – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Астана» радиосында дәстүрге айналған үрдіс.

Радио ұжымы былтыр 15 жылдық мерейтойына орай, мүмкіндігі шектеулі  балаларға арнап «Ертегі тыңдап, әлемді таны» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Онда жанарынан айырылған балалар үшін арнайы 3 тілде оқылған ертегілер жинағы CD-дискіге басылып, 1,5 мың данамен еліміздегі мамандандырылған 22 мекеменің тәрбиеленушілеріне үлестірілген-тін.

Осы дискілер бүгінгі қайырымдылық шарасы барысында «Алтын бесік» мамандандырылған балалар бақшасының тәрбиеленушілеріне де берілді.

Хабарламаларға жазылу