Сұлулығы туризмді дамытуға сұранып тұрған Қатонқарағайдың географиялық жағынан орналасуы да ерекше. Солтүстік және шығыс жағынан Ресейдің Алтай өлкесімен, Оңтүстік-шығысында Қытаймен шектеседі.
Қар барысы, аю, бүркіт, Алтай ұлары, тау ешкісі және басқа да түрлі аң-құстар әртекті биологиялық ареалда өмір сүреді.
Тұмса табиғатымен туристерді тартатын Қатонқарағай өңірінің әр қойнауы тарихи жәдігерлерге бай. Соның бірі – археологиялық қазба байлықтары. Кезінде есептік жүгі дұрыс тіркелмеген, бірыңғай зерттеу жүйесіне түспеген тарихи деректер қаншама.
Болашақ ұрпаққа аманат ретінде көздің қарашығындай сақталып келген Қатонқарағайдың ішіне бүккен сыры мол. Ол сонысымен де тартымды.
Бүгін 16.00-де «Мәлім де беймәлім Қазақстан» хабарынан көріңіз.