Алматыдан 160 шақырым қашықтықта жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдан 160 шақырым қашықтықта жер сілкінді

15.09.2014
Алматыдан 160 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Кеше Алматы уақытымен 18:39-да Алматыдан солтүстікке қарай 160 шақырым жерде Қазақстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі.

5 шақырымдық тереңдікте болған жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,2, ал магнитудасы – 4,4 MPV.  

Фото: kapital.kz

Хабарламаларға жазылу