Түркияның Чорум қаласы Сунгурлу ауданынан 30 миллион жыл бұрын өмір сүрген мүйізтұмсықтың сүйектері табылды. Оны мал бағып жүрген шопан тапқан. Мүйізтұмсық сүйектері табылған аймақта зерттеу жұмыстары басталды. Қазба жұмыстары кезінде тағы 60 ірі мүйізтұмсықтың сүйегі шығарылды. «Табылған ірі аң еркек мүйізтұмсық екені анықталды. Салмағы он тоннадан асады, иығының биіктігі 5 метрден жоғары деген болжам жасалып отыр», - дейді геология инженері Неше Оял.