Қаллеки театры жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаллеки театры жүлдегер атанды

15.09.2014
Қаллеки театры жүлдегер  атанды

10-14 қыркүйек аралығында Сыр елінде өткен Сәбира Майқанованың 100 жылдығына  арналған  Қазақстан  драма  театрларының  XXII  республикалық фестивалінде Қаллеки театрының қойылымы қос жүлдені иеленді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлайды.

Фестивальге қатысқан Ш.Айтматовтың «Ана - Жер Ана» трагедиясы Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов режиссурасындағы соңғы қойылымдарының бірі.

«Ана - Жер ана» - Сәбира Майқанованың репертуарындағы шоқтығы биік спектаклінің бірі болған. Қойылым режиссер Б.Құрманғожаевтың режиссурасында қайта жарық көріп, жаңа маусымнан бастап көрермендер назарына ұсынылады.

Аталмыш спектакль фестивальден екі бірдей жүлдені қанжығасына байлады.  Ол – «Сәбира Майқанова» атындағы арнайы жүлдені - ҚР Халық әртісі, бүгінгі қазақ театры мен кино өнерінің майталманы, аға буын Сәбира, Хадиша, Бикен, Фарида, Әнуар, Ыдырыс сынды аға буын сахна саңлақтарының көзін көріп, сахнада  партнерлері  болған  Гүлжан Әспетова иеленді.

«Ең үздік әйел бейнесі» аталымы Жер-Ана бейнесін сомдаған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қаллеки театрының негізін қалаушы Түймехан Атымтаеваға берілді. 

Фото: kazteatr.kz

Хабарламаларға жазылу