Қызылордада Отбасы күніне орай егіздер арасында спорттық сайыс өткізілді. Бұл туралы «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігінің баспасөз орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сайыстың мақсаты – Отбасы күнін насихаттай отырып, шаңырақтың бірлігін нығайту, еліміздің жас өрендерін спортқа баулу. Спорттық бәсекеге қаладағы орта мектептерден 5 отбасы іріктелді.
Әр отбасы 5 кезеңнен тұратын сайыста ептіліктерін көрсетті. Жоғары деңгейде өткен отбасылар сайысында І орынды Сейіткәрімовтер отбасы алса, ІІ орын Алтынбаевтар отбасына бұйырды. Ал ІІІ орынды Ергешовтер отбасы еншіледі.