Қазақ фильмдерінде көрініс тапқан салт-дәстүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ фильмдерінде көрініс тапқан салт-дәстүр

16.09.2014
Қазақ фильмдерінде көрініс тапқан салт-дәстүр

Қазақ киносы XX ғасырдың екінші жартысында қарыштап дамыды. Ең алғашқы фильмдер 30-шы жылдары-ақ жарыққа шықты. Бірақ, 1939 жылдан бастап киноны дамыту ерекше қолға алынды. 

Кеңестік кезеңде қазақ киносының ең жемісті шақтары деп  60-70 жылдарды айта аламыз. Сол жылдары түсірілген фильмдерден ұлттық құндылықтарды көбірек байқауға болады. олардың қатарында алдымен – «Қыз Жібек» фильмі тұр.  

80-ші жылдары жарық көрген «Шаңырақ» кинокартинасының да берер тәрбиесі мол. Ошақтың отын өшірмей, әкенің ізін жалғаған бала, туыстық қарым-қатынасқа берік ағайынның ақылы да бір фильмнің өне-бойына сыйып-ақ тұр.

Ал «Жамбылдың жастық шағы» көркем фильмінде Жамбылдың Бұрымға түн ішінде ұрын бару салтымен қатар, қандай да бір істі бастамас бұрын жасы үлкен сыйлы адамнан бата сұрау, рұқсатын алу дәстүрі де жақсы көрсетілген.

Қазақтың басқа да фильмдерінде ұлттық салт-дәстүр қалай көрініс тапты екен? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу