Бәйгеге қосылатын сәйгүлікті қалай баптау керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бәйгеге қосылатын сәйгүлікті қалай баптау керек?

16.09.2014
Бәйгеге қосылатын сәйгүлікті қалай баптау керек?

Аламан бәйге – салтанатты тойда, үлкен мерекеде өткізілетін ұлттық спорт түрі. Аламан бәйгенің ат жарысынан ерекшелігі бәйге  қашықтығы 40 шақырымнан кем болмайды.

Ал ат шабатын жолдан кесіп өтетін су, жыра мен жар, сусыма тайғақ кешулердің болатыны тағы бар. Сондай-ақ, тағы бір ерекшелік,  жүлде қорының мол болуында.

Қазақ сәйгүлігінің бабын сынау үшін торқалы ас пен тойда тұлпарын бәйгеге қосып отырған. Аламан бәйгеде топтан озған жүйрік ауылдың мақтанышы болған. Бұл дәстүр бүгінде қайта жанданып келеді. Астана қаласының маңында 82 ат қосылған 43 шақырымдық аламан бәйге осының дәлелі.

«Жылқы бөкен қабақты, кең тыныс алуы үшін танауы едірейіп тұрғаны жақсы.  Ат шапқанда мойынның жұмысы – атты алға қарай сілкіп отыру. Жақын қашықтыққа жүгіретін аттардың мойны ұзын болады да, олар алыс тастап тез арады мәреге жетеді. Бірақ, бұл аттар тез шаршап қалады»,-дейді ат сыншысы Набидолла Кикебаев.

Бәйгеге қосылатын сәйгүлікті қалай баптау керек? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу