17 қыркүйекте Мәскеу қаласындағы Орталық әдебиетшілер үйінде «XX-XXІ ғасырлардағы Қазақтың лирикалық поэзиясы» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтеді.
Кеш барысында Н.Рейімхан, Ә.Рақымбаев, Н.Молдахан П.Ярлықасынова, Б.Ахметқалиева секілді қазақстандық актерлер қазақтың ұлы ақындары Абай Құнанбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, С.Торайғыров, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Молдағалиев, Қ.Мырза Әли, М.Шахановтың және басқа да атақты авторлардың мәңгілік туындыларын оқиды.
Шараны Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі ұйымдастырып отыр.
Жүргізуші - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл.
Кеш сағат 19.00-де өтеді.