Үкімет дизелдік отын мен жанармай бағасын көтеру туралы ұсынысты қолдамады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет дизелдік отын мен жанармай бағасын көтеру туралы ұсынысты қолдамады

16.09.2014
Үкімет дизелдік отын мен жанармай бағасын көтеру туралы ұсынысты қолдамады

 

Ел Үкіметі кәсіпкерлердің дизелдік отын мен жанармайдың бағасын одан әрі көтеру туралы ұсынысын қолдамады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин айтты. 

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейдегі мұнай өнімдері бағасының арасында өте үлкен айырмашылық бар. АИ-92 бізде 128 теңге тұрса, Ресейде 160 теңге тұрады. Ал дизельдік отынның бір литрін бізде 115 теңгеге сатып алуға болса, Ресейде ол 172 теңге тұрады. Осындай баға айырмашылығын біле тұра Ресейден мұнай өнімдерін қымбатқа сатып алып, елімізге әкеліп арзанға кім бергісі келеді. Сондықтан, жанармай тасымалдаумен айналысатын компаниялардың бағаны тағы да көтеру туралы ұсынысын ел Үкіметі қолдамады», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, министр елімізде жанармай мен дизельдік отынның бағасы жуық арада көтерілмейді және осы қалпында сақталып тұратын болады, деді.

Хабарламаларға жазылу