Елордада 21 қыркүйек күні Бибігүл Төлегенова атындағы VII Халықаралық вокалистер байқауы шымылдығын ашады. Оған Қазақстаннан, таяу және қиыр шетел мемлекеттерінен келген 64 әнші қатысады, деп хабарлады astana.kz.
Сондай-ақ, Франция, Болгария, Литва, Молдова, Ресей, Арменияның опера өнерінің мэтрлерінен құралған қазылар алқасы қатысушыларға өз бағасын берді. Әдеттегідей, қазылар алқасының төрайымы - КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик Бибігүл Төлегенова болады.
Музыкалық шара жас дарынды орындаушыларды анықтап, қазақтың классикалық өнерінің беделін арттыруды, жастардың рухани дамуына ықпал етуді мақсат тұтады.