Бүгінде елімізге сырттан әкелінген ірі қараның сапасы жақсарып келеді. Бұл ірі қара мал етін экспортқа шығаруға жол ашып отыр. 2015 жылы 25 мың тонна ет экспортталады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дегенмен, біздің жобамызға сәйкес ет экспорты шамамен келесі жылы басталуы тиіс еді. Бірақ, біздің жоспарымыз бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін экспорт көлемі шамамен 10 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күні 8 айдың қорытындысы бойынша 2600 тонна ет экспортталды», - деді ол.
Министрдің айтуынша, ірі қара малды қасаптаудың негізгі маусымы күз айына жоспарланған әрі ол жыл соңына дейін орындалатын болады.