Оқушыларға арналған «Zhas Card» пластикалық әмбебап карточкалары ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушыларға арналған «Zhas Card» пластикалық әмбебап карточкалары ұсынылды

18.09.2014
Оқушыларға арналған «Zhas Card» пластикалық әмбебап карточкалары ұсынылды

Жұртшылық назарына мектеп оқушыларына арналған «Zhas Card» картасын ұсынған республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жастар ұйымы жобаны жүзеге асыру үшін демеушілерді іздеуде.

Ұйым төрағасының орынбасары Динара Садуақасова айтқандай, пластикалық карта оқушыларға жеңілдіктер ұсынбақ.

«Онда банк қосымшалары да болады. Бұл картаға ата-аналар қол жеткізе алады. Балалар оның көмегімен асханада тамақ, дүкендерде оқулықтар мен кеңсе тауарларын сатып алғанда пайдалана алады.  Карта жоғалғанда, немесе ата-анасы баласына хабарласа алмағанда оны тез табу үшін картаға GPS чип орнатылған. GPS арқылы картаның қайда екенін білуге болады», - деді ол.

Егер инвесторлар табылса, пилоттық режимдегі алғашқы кезеңде Астананың 6 мың оқушысы картамен қамтылады.

«Бір картаны шығару үшін 1,5 мың теңге жұмсалады. Бұл жоба жүзеге асуы үшін шамамен 4,4 миллион теңге керек. Бірақ, ол өз шығынын өтейді. Жобаға қызыққан инвесторлар табылса, біз бұл іске ертең-ақ кірісуге даярмыз», - деп қосты Динара Садуақасова.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу