Тенерифе аралында өткен Халықаралық хоккей федерациясының конгрессінде 2015 жылғы Әлем чемпионатының І дивизионындағы «А» тобының ойындарын өткізу орны талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша, енді Украиналық Донбасс қаласындаға қиын саяси ахуалға байланысты турнирді польшалық Краков қаласы қабылдайды. Бұл туралы sk-sport.kz хабарлайды.
«Біз бұл шешімді бірнеше ай бойы күттік. Біз Әлем чемпионатын жақсы өткізіп, жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаймыз деген үміттеміз», - дейді Польша хоккей федерациясының президенті Давид Шувалка.
Ойындар «Краков Аренада» өтеді.
Айта кетейік, турнирде элиталы дивизионға шығу үшін Италия, Қазақстан, Жапония, Украина, Венгрия және Польша құрамалары командалары сынға түседі.