Алматыда №303 автобус апатқа ұшырап, 14 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға түсті.
Бұл туралы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
Оқиға бүгін Хмельницкий мен Майлин көшелерінің қиылысында болған.
«Құтқарушылар кабинада қалған жүргізушіні шығарып алды. Қалған 13 жолаушы да түрлі дене жарақатымен қалалық №4, №5, №7, орталық, облыстық ауруханаларға жеткізілді», - деді Құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Г.Нөкербекова.
Құзырлы орган қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.