Алматыда «Мемлекеттік тілде сөйлеген әскердің рухы биік, айбыны асқақ!» атты дөңгелек үстелі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Мемлекеттік тілде сөйлеген әскердің рухы биік, айбыны асқақ!» атты дөңгелек үстелі өтеді

20.09.2014
Алматыда «Мемлекеттік тілде сөйлеген әскердің рухы биік, айбыны асқақ!» атты дөңгелек үстелі өтеді

2014 жылдың 25 – 27 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет атқарып жатқан мемлекеттік тіл мамандары мен аудармашыларының республикалық оқу-әдістемелік жиыны болады.

Оқу-әдістемелік жиында «Мемлекеттік тілде сөйлеген әскердің рухы биік, айбыны асқақ!» тақырыбы аясында дөңгелек үстел және Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріндегі жергілікті ұлт өкілі емес әскери қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқау-сайысының ІІІ шешуші кезеңі өтеді. 

Хабарламаларға жазылу