Бейжіңнің Дунчэн аймақтық прокуратурасы танымал актер Джеки Чанның ұлы Джейси Чанді қамауға алу туралы қаулы шығарды. Ол есірткі қолданушыларды жасырғаны үшін үш жылға сотталуы мүмкін.
32 жастағы Джейси Чан тамыз айында Бейжіңде ұсталды. Қан сараптамасының нәтижесінде оның ағзасынан марихуана қолданғаны анықталған. Сондай-ақ, оның үйін тінту кезінде, 100 грамм есірткі табылған.
«Үлкен қателік жібердің, сол үшін жауап беру керексің», - дейді ұлына Джеки Чан. Сондай-ақ, ол ұлының атынан барша халықтан кешірім сұрады.
Айта кетейік, Джеки Чан Қытайдың есіркіге қарсы күрес жөнінде ерікті елшісі.