Қытайда жексенбі күні Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі аумағында біреше жарылыс орын алды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Дүйсенбі күні жергілікті БАҚ-тар жарылыстардың Луньтай уезінің бірқатар шағын елді мекендерінде бір уақытта болғанын жазды.
Әзірге екі адамның қаза тапқаны белгілі. Сондай-ақ, жараланған адамдар санының көптігі туралы хабарлануда.