Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында Бибігүл Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылуы өтті.
Қазақстан және шет мемлекеттерден келген 64 әнші төрт күн бойы шеберлік байқасады.
Үздік орындаушыларды марапаттау рәсімі 26 қыркүйекте өтеді.
Қазылар алқасының төрайымы - КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек ері, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенова.
Халықаралық вокалистер байқауы елордада жетінші рет ұйымдастырылуда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.