Ресейдің Анапа қаласында ТМД және Балтық жағалауы елдерінің дәстүрлі «Киношок» фестивалі басталды.
Фестиваль төрт конкурс бойынша өтеді. Олар – толықметражды фильм, қысқаметражды фильм, телефильм және кино альманах.
Биыл толықметражды байқауға Қазақстан, Ресей, Украина, Латвия, Өзбекстан, Грузия, Қырғыз елі, Эстония, Армения, Литва, Әзірбайжан және Беларусь елінен 14 фильм қатысады
Қазақстанның атынан бұл аталымда ресжиссер Әділхан Ержановтың «Қожайындар» картинасы ұсынылған.
Еске салсақ, ресжиссердің «Риэлтор» фильмі 2011 жылы Анапада өткен байқауда қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болған еді.
Былтыр бұл кинофестивальға Қазақстан атынан Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі қатысқан болатын.
«Киношок» фестивалі 30 қыркүйекте аяқталады.