ЕХРО-2017 ғимараттарын театрларға беру ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕХРО-2017 ғимараттарын театрларға беру ұсынылды

22.09.2014
ЕХРО-2017 ғимараттарын театрларға беру ұсынылды

ЕХРО-2017 ғимараттары театрларға берілуі мүмкін.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«2017 жылы халықаралық көрме өтеді. Осыған байланысты біз бірқатар ұсыныс жасаған болатынбыз. ЕХРО өткізгеннен кейін босайтын ғимаратты біз мәдениет саласына беруді сұраймыз», - деді ол.

А.Мұхамедиұлының сөзіне қарағанда, халықаралық көрме өткеннен кейін босаған ғимараттарды Қ.Қуанышбаев және А.Чехов атындағы театрларға беруге болады.

 

 

Хабарламаларға жазылу