Қарағанды облысында Бұқар жыраудың ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында Бұқар жыраудың ескерткіші ашылды

22.09.2014
Қарағанды облысында Бұқар жыраудың ескерткіші ашылды

Қарағанды облысының Ботақара кентінде Бұқар жыраудың ескерткіші ашылды.

Сәулет туындысының тұсаукесер рәсіміне жергілікті билік өкілдері, өнер және мәдениет қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Ескерткіш авторы – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, мүсінші Бейбіт Мұстафин.

Биіктігі - 8 м, 40 см, тұғыры - 4 м, 20 см,  салмағы - 16 тонна.

«Төл тарихымызда өзіндік өшпес ізін қалдырған ардақты бабаларымызды әрқашанда мақтан етеміз. Солардың бірі – аты аңызға айналған Бұқар жырау Қалқаманұлы.

Кезінде тамаша дарынымен «Көмекей әулие» атанған ардақты жырау бабамыз Алаштың айбынды Абылай ханының ақылшысы болғаны тарихтан жақсы белгілі.

Бүгінгі игілікті шара осындай орынды құрметтің нақты  көрінісі», - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков құттықтау сөзінде.

Хабарламаларға жазылу