«TURKVIZYON-2014» халықаралық ән байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«TURKVIZYON-2014» халықаралық ән байқауы басталды

22.09.2014
«TURKVIZYON-2014» халықаралық ән байқауы басталды

19-21 қараша күндері аралығында биыл түркі әлемінің мәдени астанасы атанған РФ Татарстан Республикасының Қазан қаласында түркітілдес елдер үшін «Turkvisyon-2013» халықаралық ән байқауы  өткізіледі. Бұл туралы байқауды ұйымдастырушы «ADAM Media Group» компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл байқау көптеген мемлекет үшін «Евровидение» байқауын алмастыра алатын халықаралық деңгейдегі жаңа ән байқауы. Әлемдік музыкалық өндірісте үлкен құбылыс болғалы тұрған байқау түркі музыкасының өкілдерін бір сахнада тоғыстыруды мақсат тұтады. Байқаудың аудиториясы – 300 миллион көрермен. 

«Turkvizyon» байқауының мақсаты мен міндеті – Түркі жұртының мәдени, материалды мұраларын сақтау, дамыту және болашақ ұрпаққа жеткізу үшін түркітілдес халықтар арасында тығыз қарым-қатынас жасау.  

Сонымен қатар, түркітілді орындаушыларды қолдау және олардың бейнебаяндарын Түркия мен басқа мемлекеттерде жариялау,  Орталық Азия мен Қазақстан музыкасын танымал ету және дамыту, әлемдік және ТМД музыка нарығында Қазақстан музыкасын дамыту, мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру.

Биыл Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Алтай Республикасы, Башқұрстан, Беларусь, Босния мен Герцеговина, Грузия, Қытай,  Македония, Молдова, Солтүстік Кипр, Татарстан байрағын ұстаған қатысушылар түркі әлемінің үздік дауысы атағы үшін бәйгеге түседі.

Қатысушылардың өтініштері 12 қазанға дейін қабылданады. Ұлттық іріктеу мен қазақстандық қатысушының байқауға қатысуы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

2014 жылдың  15 қазан күні  - Ұлттық іріктеудің жартылай финалы, 26 қазан - Астанада,  тікелей эфирде финал өтеді.

 «Turkvizyon» ән-додасын «TÜRKSOY» түрік мәдениетінің халықаралық ұйымының қолдауымен ТMB TV түрік телеарнасы ұйымдастырып отыр.

«Turkvizyon» - халықтық дауыс берудің әділдігі мен қорытындының ашық болу принципін таңдаған, саяси, кәсіби қысымнан тәуелсіз бірінші музыкалық байқау. Бұл ешкімге ұқсамайтын, алпыс жылдық тарихы бар «Евровидениеге» көрініс, ауқым, техникалық жабдықталу жағынан есе жібермейтін думан болмақ.   

Хабарламаларға жазылу