Алматыда 200 мыңнан астам адам қала күні мерекесіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 200 мыңнан астам адам қала күні мерекесіне қатысты

22.09.2014
Алматыда 200 мыңнан астам адам қала күні мерекесіне қатысты

Қала күнін атап өту мерекелік шарасы Алматының екі саябағында – Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағы мен Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кету керек, қала күнін атап өту барысында 200 мыңнан астам адам атсалысты. Қалалық «AppleFest» алма фестиваліне 160000 адам қатысса, Орталық мәдениет және демалыс саябағында өткен мәдени-сауықтық бағдарламаны 50 мыңнан астам адам тамашалаған.  Осылайша, қалалық іс-шараларды атап өту тарихында халық ең көп жиналған шара биылғы қала күні болды.

Сондай-ақ, қала күнін мерекелеу шарасы аясында бір ай ішінде 18 шара өткізілген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда, 5 шараға көп. Сонымен қатар, «Гәкку» музыкалық телеарнасының ашылуына орай тұңғыш рет Қазақстандық музыка фестивалі, Ван Гог картиналарының мультисенсорлық көрмесі және Алматы туралы мультимедиалық көрме өтті.

Хабарламаларға жазылу