Ескек есуден оқушылар арасында жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескек есуден оқушылар арасында жарыс өтті

22.09.2014
Ескек есуден оқушылар арасында жарыс өтті

Алматыда 12-15 жас аралығындағы оқушылар арасында «Жылдам қайың» атты каноэ мен байдаркадан Қазақстанның республикалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz сайты.

Шараға Қазақстанның 12 өңірі мен Бішкек қаласынан қайық пен байдарканың 168 ескекшісі қатысты. Жарыс 200 және 500 метрлік қашықтық бойынша ұйымдастырылды. 

Жарыс ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру және спорт орталығы» РМКК қолдауымен 12-інші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Жарыстың қазылары арасында үздік бапкерлер мен халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері болды.

«Жарыс бірінші жыл өткізіліп отырған жоқ. Оның өскелең ұрпақ тәжірибесіндегі маңызы зор. Жасөспірімдер дене шынықтырып, өздерінің спорттық қабілеттерін арттыру жолында үлкен тәжірибеге қол жеткізеді», - дейді жарыстың бас қазысы, республикалық «Жастар» дене тәрбиесі спорттық қауымдастығы төрағасының орынбасары В.Волков.

Турнирдің жалпыкомандалық көрсеткіші бойынша І орын Шымкент қаласына, ІІ орын Алматы қаласына, ІІІ орын Астана қаласына бұйырды.

Хабарламаларға жазылу