Іші-сырты түгел оюланған киіз үйді жасау үшін қолөнерші Құмарбек Қанжарбайұлы балаларымен бірге 3 ай еңбектеніпті. «Ер Жәнібектің бейнесі салынған есікті оюлауға бір ай уақытымыз кетті», дейді.
«Самырсын деген ағаш болады. Бұл ағаш оюға арналған. Бірақ, есікті жасау үшін сулы жердің емес, тасты жердің самырсынын алу керек»,- дейді шебер.
Жаһұт тастармен безендірілген есіктің тұтқасы мүйізден жасалған. Уықтарға Қазақ елінің Туындағы оюды бейнелепті. Күміс жалатылған бағалы металл жапсырылған. Керегеге байланар тұсы – жезден. Ал қошқар мүйіз оюмен безендірілген шаңырақтың диаметрі – 2 метр.
Шебер: «үйренушілер болса, мархабат»,-дейді. «Жасаған дүниелерімді атажұртқа көрсетсем», деген арманы да бар.
Қолөнер шеберінің қазақы туындыларын «Таңшолпаннан» тамашалай аласыздар.