Колин Фаррелл «Нағыз детективте» ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колин Фаррелл «Нағыз детективте» ойнайды

23.09.2014
Колин Фаррелл «Нағыз детективте» ойнайды

Голливуд актері Колин Фаррелл «Нағыз детектив» телехикаясының екінші кезеңінде ойнайды. Бұл туралы актер Sunday World басылымына берген сұхбатында мәлімдеген.

Фарреллдің айтуынша, түсірілім АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өтеді. Ал, картинаның келесі актерлік құрамы әлі белісіз. Алайда, Фаррелл сұхбат барысында телехикаядағы ымырасыз калифорниялық шерифтің рөлін әйел адам сомдайтынын айтып қалды, деп хабарлайды interfax.ru.

Айта кетейік, «Нағыз детектив» («True Detective») – неа-нуарлы детектив жанрындағы америкалық телехикая. Сценарий авторы - Ник Пиццолатто. Телехикаяның бірінші кезеңі мол табысқа ие болды. Ол бес номинация бойынша Emmy Award сыйлығын иеленген.

Туындының келесі кезеңі 2015 жылы экранға шықпақ. Телехикая 8 бөлімнен тұрады.

 

Фото: www.kinopoisk.ru

Хабарламаларға жазылу