«Көркем» музыкалы-аспапты тобының құрылғанына бір жылдай уақыт болды. Квартет ұлттық музыканы кеңінен насихаттау мақсатында құрылған.
«Репертуарымызда 4 шығарма бар. Есбайдың «Ақілме» атты күй бар. Сондай-ақ, шығыс әндеріне поппури, «Мұңайма» деген ән және «Аяулым» деген компазиция бар», дейді топ мүшесі Гүлшат Бекіш.
«Топтың жетекшісі жоқ. Репертуар мен сахналық киімді таңдауда өз талғамымызға жүгінеміз», - дейді өнерпаз қыздар.
Топ мүшелері домбыра, қобыз, прима-қобыз, сырнай секілді саз аспаптарын бірдей меңгерген.
Топтың өнерін «Таңшолпаннан» тамашалаңыз.