Павлодарда диагностикалық орталықтың жетекшісі өзіне 800 мың теңге жалақы тағайындаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда диагностикалық орталықтың жетекшісі өзіне 800 мың теңге жалақы тағайындаған

23.09.2014
Павлодарда диагностикалық орталықтың жетекшісі өзіне 800 мың теңге жалақы тағайындаған

Павлодарда  облыстық диагностикалық орталықтың жетекшісі өзіне 800 мың теңге жалақы тағайындаған.

Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Қанат Бозымбаевтың төрағалық етуімен өткен жемқорлықпен күрес жөніндегі облыстық комиссияның отырысында белгілі болды.

«Диагностикалық орталық жетекшісінің 800 мың теңге жалақы тағайындағаны анықталды. Облыста мұндай кіріс ешкімде жоқ. Осынша қаражатты денсаулық сақтау саласын дамытуға жұмсап, көптеген мәселені шешуге болар еді», - деді аймақ басшысы.

Бұдан басқа, орталықтың мемлекет меншігінде болғанына қарамастан, облыстық Денсаулық сақтау басқармасында нақты еңбекақы көлемі мен қызметкерлерге сыйақы тағайындау жүйесі белгіленбей, жағдай бақылаудан тыс қалған.
 

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу