Алматы GFCI рейтингі бойынша 15 сатыға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы GFCI рейтингі бойынша 15 сатыға көтерілді

23.09.2014
Алматы GFCI рейтингі бойынша 15 сатыға көтерілді

Алматы The Global Financial Centres Index (GFCI) рейтингі бойынша 15 сатыға көтерілді. Бүгінде қала 83 халықаралық қаржылық орталықтың ішінде 43-ші орында. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Еуропа – Орталық Азия аймағында Алматы Стамбулдан кейін екінші орынды алады. Одан кейін Прага, Варшава, Санкт-Петербург, Будапешт, Мәскеу, Таллин және Афины.

Жаһандық қаржылық орталығы индексіне Алматы алғаш рет 2014 жылдың наурыз айында тіркелген.  Ол кезде қала 83 елдің ішінде 58-ші орында тұрған. Ал Азия елдері бойынша 13-ші орында еді.

Қаржылық орталықтардың рейтингі «Z/Yen Group Limited» компаниясы құрған әдістеме бойынша анықталады. Бұл жұмыспен әлемнің 300-ден астам арнайы маманы айналысады.

Қаржылық орталықтарды бағалауда мамандар адами фактор, бизнес-орта, нарыққа қолжетімділік, инфрақұрылым және жалпы бәсекеге қабілеттілікке қарайды.

Фото: forum.autoatlas.kz

Хабарламаларға жазылу