«Flydubai» әуе компаниясы Шымкент қаласынан Дубайға дейін жаңа рейс ашты. Шымкенттен тікелей Араб Әмірліктеріне қатынайтын ұшақ аптасына 2 рет сапарға шығады, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.
«Шымкенттен ұшатын рейстер Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сауда мен туризмді дамытуға ықпалын тигізеді. Екі бағытта да бизнес-класс бойынша ұшу қызметі көрсетілетін болады», деді «Flydubai» компаниясының өкілі.
Жаңа бағыт бойынша дүйсенбі және жұма күндері ұшуға болады. Билеттердің бағасы — 350 доллардан басталады. Алғашқы рейспен 60 адам жолға шықты.