Қазақстанда жыл сайын 16 мың азамат қатерлі ісік індетінен қайтыс болады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Халықаралық онкологиялық симпозиумда ҚР Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Астанада Ұлттық ғылыми-онкологиялық орталық құрылады. Бұл орталық онкология саласында алдыңғы қатарлы халықаралық орталықтардың бірі болмақ.
Сондай-ақ, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында отандық және шетелдік клиникалар базасында 200-ден астам маманды даярлау жоспарланған.
Айта кетейік, қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың 42 пайызы еңбекке қабілетті жастағы адамдар.