Бүгін Ойыл ауданында облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен және облыстық және аудандық әкімдіктердің қолдауымен «Ұлы Жібек жолында жаңғырған Көкжар жәрмеңкесі» атты этнофестиваль ашылды.
Фестивальге облыстың барлық 12 ауданның өкілдері, мемлекеттік органдардың жетекшілері, мәдениет саласының өкілдері және де қолөнер шеберлері қатысты.
Этнофестиваль ауқымды театрландырылған керуеннен басталды. Оған облыс аудандарының тұрғындары қатысты.
Этнофестивальде ежелгі кездегідей Көкжар жәрмеңкесінің сауда сөрелерінің бойында думанды сауда ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, мұнда жыршылардың республикалық байқауы өтеді.