Винс Вон «Нағыз детективте» қылмыскердің рөлін сомдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Винс Вон «Нағыз детективте» қылмыскердің рөлін сомдайды

25.09.2014
Винс Вон «Нағыз детективте» қылмыскердің рөлін сомдайды

Америкалық НВО компаниясы «Нағыз детектив» телехикаясының екінші маусымында басты рөлді Колин Фаррелл және  Винс Вон сомдайтынын растады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Колин Фаррелл Sunday World басылымына телехикаяда басты рөлді сомдайтынын айтқан болатын.

Алғашқы екі серияның режиссері Джастин Лин («Форсаждың» соңғы төрт бөлімінің рессижері) болмақ, деп мәлімдеді Deadline.

Туындыда Фаррелл детектив Рей Велкороның рөлін, ал Винс Вон кәсіби қылмыскер Фрэнк Семионның рөлін сомдайды.

Телехикаяның жаңа маусымында үш детектив болады. Колин Фаррелдің әріптесі болып Тейлор Китч ойнамақ. Ал, үшінші тәртіп сақшысының есімі әзірге белгісіз.


Фото: shirtless.ru

Хабарламаларға жазылу