Бүгін Астанадағы Ұлттық кітапханада ақын Серік Сейітманның «Қара шаңырақ» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Осыған орай ақын «Таңшолпанда» қонақта болып, сұхбат берген еді.
«Тәуелсіздікпен бірге тіліміз, дініміз келді. Алайда, осы арада тіл тазалығын сақтап келді ме деген кезде, сәл күрмелетінді шығардық. Кейінгі кездері тіпті, «келін сәлем салуға болмайды, домбыра шертуге тыйым, келін тек Алланың алдында ғана иілуге тиіс», деген пәтуәсымақ алға озды. Мына мемлекетті құрып отырған – қазақ ұлты. Ал қазақтың бүкіл дәстүр-салты, танымы, түйсігі, болмысы сақталмаса, мына мемлекетте тұруы оңай емес. Осындай жағдайлар бізді азамат ақын ретінде қалыптастыруға итермеледі».
«Кешегі Алаш арыстары ғылымда да, саясатта да, шығармашылықта да өздерінің қолынан келгенді аямады. Біз сол жолға түскендей болдық. Бірақ, оның деңгейіне жету қайда?! Ол кезде олардың арманы автономия болды. Бірақ, автономияның арғы жағында Тәуелсіз мемлекет еді. Ал қазіргі ең басты идеология – бірлік, бірліктен соң тірлік. Сол тірліктің көрінісі мына «Қара шаңырақ» атты кітап»,-дейді ақын.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.