Павлодардағы диагностикалық орталық басшысының еңбекақысына қатысты мәселе реттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы диагностикалық орталық басшысының еңбекақысына қатысты мәселе реттелді

25.09.2014
Павлодардағы диагностикалық орталық басшысының еңбекақысына қатысты мәселе реттелді

Павлодардағы диагностикалық орталықта анықталған қаржылық құқықбұзушылық бойынша мәселелер ретке келтірілді.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нұрлан Қасымов   кәсіпорынның шығында қалғанына қарамастан, өткен жылы диагностикалық орталық басшылығының жалақысы жоғары болғанын растады.

«Бүгінгі таңда дәрігерлердің еңбекақысына байланысты жағдай ретке келтірілді. Орталықтың КМК-ға ауысуы кезінде кәсіпорын шаруашылығын жүргізу құқығында штаттық кестеге сәйкес жалпы лауазымдық еңбекақы бекітілген», - деді Н. Қасымов.
 

Облыстық диагностикалық орталықтың жетекшісі өзіне 800 мың теңге жалақы тағайындағаны облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалық етуімен өткен жемқорлықпен күрес жөніндегі облыстық комиссияның отырысында анықталып, іс бойынша анықтау жұмыстарын жүргізу тапсырылған.

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу