«Мектепке жол» VII республикалық акциясы жалғасуда.
Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, бүгінде шара аясында аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 4 441 балаға көмек көрсетілді.
Ертең «Radisson Hotel» демеушілігімен 30 балаға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Елорданың № 1, 2, 5, 8, 14, 23, 25, 31, 40, 57, 65, 74 мектеп оқушылары сыртқы киіммен қамтамасыз етіледі.
Биыл 1 тамызда басталған акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Шара қала тұрғындарын мұқтаж жандарға қолұшын созуға шақырады.
astana.gov.kz