Нидерландтық студент аккумулятор орнатылған скейтборд жасап шығарды. Онда дөңгелектері айналған кезде кинетикалық энергия жиналады. Бір ерекшелігі, мұнда арнайы Apple iPhone 4/4s смартфондарына арналған құрылғы бар. Сол арқылы жақын жерде қуаттау жүйесі болмаған жағдайда телефонды қуаттап алуға болады.
«Ақылды» скейтборд «Chargeboard» деген атау алды. Дизайнер Бьорн ван ден Хут мұны Роттердамдағы Өнер академиясына дипломдық жоба ретінде таныстырмақ. Скейтбордтың артқы жағында әрқайсысы 6 B кинетикалық энергия жинап, оны ток ретінде беретін қос динамо-машина орналасқан. Ал, жинақталған энергия смартфонды қуаттауға арналған.
Бьорн ван ден Хуттың жобасы арқылы телефонды қуаттаумен қатар, USB 2.0 порты мен 3,5 мм болатын аудиокөлем арқылы сүйікті әндеріңізді де тыңдауға болады.
Скейтбордта бір сағат көлемінде жиналған энергиямен телефонды 8 рет қуаттауға болады.
Фото: hi-tech.mail.ru