Лаки Кесоглу Шымкент музыкалық училищесін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын үздік бітірген. 1964 жылы консерватория студенті бола тұра, Қазақ радиосы мен телевизиясының симфониялық оркестрімен өнер көрсете бастады.
Оның құрамында 400-ден астам жазба жасады. 1972 жылы Мәскеу қаласында алғаш рет Одақтар Үйінің Колонналы залында өнер көрсетеді.
Лаки Кесоглу – әншілердің бір тобын тәрбиелеп шығарған педагог. Олардың арасында: Нағима Есқалиева, Айжан Нұрмағамбетова, Жеңіс Ысқақова, Гүлсім Макитова, Яннис Кайсидис және басқалар бар.
Өзіндік үні мен өрнегі бар әнші бүгінге дейін 300-ге жуық ән жазған. Жұлдыздардың ән әлемінде жарқырауына ықпал еткен ұстаз турасында бүгін 18.15-те «Өнердегі өрісі кең Лаки Кесоглу» арнайы тележобасын көріңіз.