Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Ертең, 28 қыркүйекте елорда тұрғындары мен қонақтары Жамбыл және Павлодар облыстары тауар өндірушілерінің өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлады Астана әкімдігі сайты.
Аталған аймақтардан Астанаға көкөніс, ет, балық, сүт өнімдері және т.б. әкелінеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шаралардағы ең бастысы сауда емес, мерекелік көңіл-күй мен еліміздің түрлі өңірінде тұрып жатқан қазақстандықтарды біріктіру болып табылады.
Алдағы аптада, 4-5 қазанда елордада өткізілетін дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесінде Қарағанды және Ақтөбе облыстары өз өнімдерін ұсынатын болады.