Биыл Нобель сыйлығына Қазақстанның атынан Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ұсынылды. Бұл туралы Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстанның атынан Нобель сыйлығына ақын-жазушыларды ұсыну бойынша тек әдебиет институты мен Қазақ ПЕН-клубының ғана құқығы бар.
Сондай-ақ, Бигелді Ғабдуллин қазіргі уақытта қазақтың классик жазушыларының туындыларын ағылшын тіліне аудару жұмыстары жүргізіліп жатқандығын да жеткізді.
Айта кетейік, жазушы өткен жылы да Нобель сыйлығына ұсынылған болатын.