Патефон қалай шыққан? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Патефон қалай шыққан?

29.09.2014
Патефон қалай шыққан?

Бұл – құрылғы алғаш рет шыққанда, талайды таңғалдырды. Тіпті, сиқырлы күші бар деп сенгендер де болды. Томас Эдисон ойлап тапқан фонографты бүгінде ешкім қолданбаса да, талай тарихи мұраларды жеткізді.

Әйгілі Әміре Қашаубаевтың дауысын Мәскеу архивтерінде шаң басып жатқан жерінен музыка зерттеушілері Томастың қолынан шыққан осы құрылғы арқылы тауып алған.

Эдисонның кішкентай кезінен құлағы нашар естіген деседі. Сондықтан, ол өз дауысын қағазға түсірудің амалын іздейді. Зерттеу нәтижесінде дыбыстан тараған толқын қағаз бетіне із қалдыратынын байқап, оны кейін тыңдауға болатынын ұғады. Осылайша, 1877 жылы  фонографқа патент алып, күллі әлемге жариялайды.

Оны алғашында диктофон ретінде қолданған.  Патефонның шығуы көптеген әншінің танылуына септігін тигізді. Мейрамханаларды, тынығатын орындардың төрінде патефонның  тұруы сол кездері сән еді.

Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейінде тұрған патефон туралы не білеміз? Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу