22-26 қыркүйек аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ұйымы ұлыбританиялық серіктестік «Pearson» ұйымымен бірге ҚР Салалық Ассоциациясының базасындағы біліктілікті сертификаттау сарапшылары үшін оқыту семинары өткізілді. Негізгі мақсат - біліктілікті сертификаттауды өткізудің жаңа әдістерін игерудегі тәжірибе алмасу.
Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2012 жылдан бастап салалық ассоциация базасына негізделген Қазақстан үшін жаңа тәуелсіз сертификаттау жүйесін құру мәселесі жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді.
Германия, Ұлыбритания, Сингапур және Оңтүстік Корея сияқты елдердің халықаралық тәжірибесін игерту негізінде қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізудегі ұсыныстың институционалды қалыбы әзірленді.
Семинар барысында кәсіптік деңгейге лайықты салалардың теориялық және тәжірибелік тапсырмаларының әдістемелік дайындамалары, сертификаттауды өткізудің әдістемесі, шетелдік әріптестердің әдістемелік негізінің зерттеу әдістемелері сынды мәселелер талқыға салынды.
Айта кету керек, «Pearson» - білім беру қызметі аясында жобаларды ұйымдастырушы әлемдік ұйым. Ол 1841 жылы құрылған және әлемдегі 80-нен астам елдің тәуелсіз сертификаттау жүйесін құрастырушы.