Асқақ сезімдер жыршысы... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқақ сезімдер жыршысы...

29.09.2014
Асқақ сезімдер жыршысы...

Шәмші – саңлақ сазгер, ән майталманы. Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның Халық әртісі.

Мұхтар Шаханов – жырды түйдектей, төгіп жазатын алымды ақын.

Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шахановтың бірлесіп жазған «Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Өмір-өзен» т.б. әндерін білмейтін қазақ аз шығар.

«Шәмші 300-ге жуық ән жазды, дейді. Алайда, бұл шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда Шәмші әндерінің бас-аяғы 97 ғана», дейді композитор Қалдыбек Құрманәлі. Осы қаншалықты шындық? Шәмшінің кей әндеріне неге талас туады? «Тамды аруы», «Дүнген қызы» әндері кімге арналған? Бұл әндердің прототиптері бар ма?

Бұл сауалдарға жауапты бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» хабарынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу