Басты міндет - Каспийдің биожүйесін қорғау - Н. Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Басты міндет - Каспийдің биожүйесін қорғау - Н. Назарбаев

29.09.2014
Басты міндет - Каспийдің биожүйесін қорғау - Н. Назарбаев

Каспий теңізінде бекіре балықтарын аулауға тыйым салу ережесінің сақталуын бақылау механизмін құру қажет. Бұл туралы бүгін Каспий маңындағы мемлекеттер басшыларының IV Саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Президент өз сөзінде, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында шарттық-құқықтық база құрылғанын, Каспийді қорғау бойынша конвенция хаттамалары жасалғанын атап өтті.  

Сондай-ақ, Елбасы бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салу ережесінің сақталуын бақылау механизмін құру қажеттігін айтты.

Президент Қазақстанда браконьерлікпен күресуде «каспийлік бестіктің» бірлескен шараларын әзірлеу мәселесіне көп көңіл бөлінетінін атап өтті. 

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу