Ақтөбеде қала әкімі Ерхан Омаровтың кубогына бәйге өтті. Аламан бәйгеде Әйтеке би ауданының өкілі Мадияр Ерғарин ұтты. Шабандозға «Лада Гранта» көлігі табысталды. Бұл туралы қалалық спорт бөлімінен хабарлады.
15 шақырым қашықтықтағы тоқ бәйгеде астаналық Арман Төлеуов топ жарса, 9 шақырымдық құнан бәйгеде қостанайлық Арман Еспергенов, ал жорға сынында ақтөбелік Ерғали Серкебаев бірінші орынға ие болды. Спорттың бұл түрлері бойынша жеңімпаз атанғандар сыйақыға ие болды.