Облыс орталығындағы №22 және №39 орта мектептер арасында өткен «Жыл мұғалімі-2014» байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz
Сайыс шарты бойынша 53 ұстаздың 16-сы өзге сыныптарда ашық сабақтар өткізіп, педагогиалық шеберліктерін ортаға салды. Ақтық айналымының қорытындысы бойынша сайыстың жеңімпаздары мен лауреаттары анықталды. Қатысушылар «Үміт», «Шеберлік шыңы», «Шоқ жұлдыз» аталымдары бойынша марапатталды. Ал бас жүлдеге №17 мектептің тарих пәнінің мұғалімі А. Дацюк ие болды.