Қазақстанда әлеуметтік инспектор лауазымы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Оның айтуынша, әлеуметтік инспектор лауазымы мемлекеттік еңбек инспекторына ұқсас болады. «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға сәйкес әлеуметтік қызметтер барлық мемлекеттік орган тарапынан көрсетіледі.
ҚазАқпарат